Абай облысы әкімінің шыршасы өтті

Абай облысы әкімінің шыршасы өтті

Мерекелік шараға облыстағы сегіз аудан мен екі қаладан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта, қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жеткен 150 бала қатысты,-деп хабарлайды  abaidan.kz  со ссылкой на пресс-службу акимата области Абай. 

Балалар облыстық театр әртістері, аниматорлардың және облыстық балет мектебінің қатысуымен театрландырылған жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Сонымен қатар, облыс көлемінде арнайы келген бүлдіршіндерге Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайы мен Биологиялық орталыққа экскурсия және фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар, ертең, яғни 25 желтоқсан Семей қаласында ерекше білім беруді қажет ететін 100 балаға арналған жаңа жылдық қойылым өтеді. Іс-шараға облыстың арнайы мектептері мен интернат тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге шақырылды.

 Биыл Абай облысы әкімдігімен ұйымдастырылған жаңажылдық шыршаға 450 бала қатысты, бұдан бөлек өңірден 5 бала Астана қаласындағы «Жаңа жыл Республика төрінде» Президенттік меркелік шыршаға барды. Мерекелік кешке қатысқан әр балаға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен ойыншықтар сыйға тартылды. Айта кетейік, жаңа жылдық қойылымдарға қатысатын балалардың тізімі жыл сайын жаңартылып отырады. 
 


#Абайская область, #Аким области Абай, #елка, #Дед мороз