Абай облысы бойынша Әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылады

Абай облысы бойынша Әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылады

Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы №268 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін жасақтау сапасын жақсарту, ағымдағы жылы әскери міндеттілермен әскери дайындықты өткізу жоспарлануда.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының қорғаныс істері департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Қайрат Таттекенов баяндады.

- Биыл әскери жиындарға әскери міндіттілер, яғни әскери есепте тұрған және әскери есепте тұрудың шекті жасынан запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын тарту жоспарлануда. Абай облысы бойынша 618 әскери міндеттілер, оның ішінде: 114 офицер, 154 сержант пен 350 сарбаз шақырылады, - деді Қайрат Таттекенов.

Әскери жиындарға қайта дайындау бойынша шақырылуға запастағы офицерлер, сержанттар, солдаттардың 1 санаты жатады. Офицерлер - 50 жасқа дейін, сержанттар мен солдаттар - 40 жасқа дейін, денсаулығы бойынша жарамды, әскери қызмет өткерген, моральдық және іскерлік қасиеттері бойынша ҚР азаматтары шақырту алады.

- Жиындар 2024 жылдың жазында 30 күн мерзімде, яғни 18 шілдеден 16 тамыз аралығында өтеді. Негізгі жері мотоатқыштар, танк, артиллерия бөлімшелеріңде және жауынгерлік техникалық және тылдық қамтамассыз ету бөлімшілерінде болмақ. Соның ішінде әскери міндеттілер 32355, 35411 әскери бөлімдеріне Абай облысындағы 10 жергілікті әскери басқару органдарынан тартылады , - деп атап өтті спикер.


#военный