Абай облысы бойынша құрбандық шалатын орындар белгіленді
Абай облысы бойынша құрбандық шалатын орындар белгіленді. Бұл туралы Абай облысы әкімдігі хабарлады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Семей қаласы бойынша тірі малдың жаппай сатылуына жол бермеу үшін ветеринариялық-санитарлық қағидаларды сақтау мақсатында:
I. "Құрбан Айт" құрбандығына арналған тірі малды сату орындары:
- "Северный" КЛО (Энергетик ауданы);
- "Joloman" КЛО (Алматы тас жолы бойында ).
II. "Құрбан айт" күні тірі малды сою мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:
- "Семей Вет" ЖШС, Космонавтар көшесі, 1 (Дальная ауданы);
- "Joloman" КЛО (Алматы тас жолының бойы).
#Абайская область, #жертвоприношение