Абай облысында 27 жобадан тұратын цифрландыру бойынша жол картасы іске асырылуда
Жол картасын 2024-2027 жылдары іске асыру жоспарланған. Түпкі мақсат – қала ресурстарын ұтымды пайдалану және басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, қаланы дамыту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету.
– Жол картасын іске асыру өмір сүру сапасын жалпы жақсартуда да, тиімді қалалық басқаруда да әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді деп күтілуде. Мысалы, ресурстарды, көлікті, инфрақұрылымды басқарудың зияткерлік жүйелерін енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда "Іqala" порталы іске қосылды. Порталда "Семей су арнасы" МКК-нің 4 қызметі және "Теплокоммунэнерго" МКК-нің 10 қызметі қолжетімді, - деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыс бойынша 7 ауылдық елді мекен интернет желісімен және мобильді итернетпен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін 16 ауылдық елді мекенде интернет желісін қосу жоспарлануда.