Абай облысында 35 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

Абай облысында 35 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

Сонымен қатар off-take келісім аясында бірнеше білім, спорт және мәдениет нысандары салынып жатыр.

2025 жылы Семей қаласының Қарағайлы тұрғын ауданында 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

«2026 жыл облысымыз үшін инфрақұрылымдық даму мен құрылыс саласында жаңа белестерге жол ашатын маңызды кезең болмақ. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және заманауи талаптарға сай инфрақұрылым қалыптастыру – басты басымдықтардың қатарында. Осы мақсатта тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар салу және инженерлік желілерді жаңғырту бағытында ауқымды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. 2026 жылға арналған құрылыс жоспарлары облыстың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халықтың сұранысына сай қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталады», – деді облыс әкімі.


#Абайская область