Абай облысында алдағы 3 күнде қар жауып, боран соғады деп күтіледі

Абай облысында алдағы 3 күнде қар жауып, боран соғады деп күтіледі

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша 27 қаңтарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, боран күтіледі,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Желдің жылдамдығы оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с,  батыста, оңтүстігінде15-20 м/с құрайды, ауа температурасы түнде 10-15°С, облыстың солтүстік-шығысында 18°С, күндіз 5-10° С аяз.

28 қаңтарда қар жауады, боран күтіледі. Оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 13-18°С, кей жерлерде 21°С, күндіз 8-13°С аяз.

29 қаңтарда кей жерлерде қар жауады, боран болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 13-18°С, кей жерлерде 21°С, күндіз 8-13°С аяз күтілуде.

Абай облысының ТЖ департаменті ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарының иелері қозғалыс кезінде барынша сақтық шараларын сақтаулары қажет екенін еске салады.


#Прогноз погоды