Абай облысында асфальт төсеуге шетелдік қоспалар қолданылады

Абай облысында асфальт төсеуге шетелдік қоспалар қолданылады

Облыста жақсы және орташа деңгейдегі жолдар қатары ұлғаюда. Бұл туралы “ Көлік және автомобиль жолдары басқармасының” басшысы Асылбек Нұғманов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz.

- Биыл жолдарды жөндеу бойынша орташа мөлшермен жалпы сомасы 15,5 миллиард теңгені құрайтын 50 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың жалпы ұзындығы 291 шақырымды құрайды, оның ішінде 8 жоба облыстық маңызы бар жолдарға және 42 жоба облыстық аудандарға тиесілі. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 52,6 шақырым, 2,6 млрд теңгені құрайтын 19 жоба бар», – деді Асылбек Нұғманов.
Сонымен қатар, басқарма басшысы асфальтты жөндеуге басқа да түрлі қоспалар қолданылатынын айтты. 
- Біз бір ғана қоспаға артықшылық бермейміз, композицияларды өзгертіп олардың мөлшерін реттейтін боламыз. Биыл, Шар қаласынан Омбы-Майқапшағай тас жолы мен Әуезов ауылына дейін толықтай жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Жолдарды жөндеуге біз заманауи технологиялар мен жол төсемінің негізінде жұмыс істейтін тұрақтандырушы қоспаларды қолдануға тырысамыз. Сондай-ақ, Шар қаласы бағытындағы жолды жөндеуге Германиядан келетін қоспалар қолданылады, - деп атып өтті спикер.
Өңірде су тасқынынан бүлінген жолдар мен өткелдерге жөндеу жұмыстары жалғасуда. 
- Бүгінде су тасқыны салдарынан 2 көпір қирап қалды. Аудан әкімдіктері бұл учаскелер бойынша жобалау жұмыстарын жүргізіп, іске асыру қолға алынбақ. Кіндікті тас жолының бойындағы көпір тексеріс үстінде. Жолдардың әртүрлі учаскелерінде барлығы 29 су тасқыны тіркелген, – деп қорытындылады Асылбек Нұғманов.


#Абайская область, #Ауыл-ел бесігі