Абай облысында ауа рауына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша , 09 ақпанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар жауады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ТЖБ сілтеме жасап. 10 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ, бұл күндері облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с немесе одан да көп болады деп күтілуде.
Ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда боран мен желдің күшейуіне байланысты Абай облысы ТЖД ұсынады:
Облыстың барлық тұрғындарына, жел күшейгенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қажет емес жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.
Ауа-райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыс шектеулерін, ТЖД ресми сайтынан және де бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыздар.
Егер сіз үйде болсаңыз:
- балкондар мен терезе төсеніштерінен ауа ағынымен ұсталуы мүмкін заттарды алып тастаңыз;
- мүмкін электр қуатын өшіруге дайындалыңыз;
- терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіштерді мықтап жабыңыз;
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!
#Абайская область, #Прогноз погоды