Абай облысында Азаматтық бастамалар орталығы ашылды

Абай облысында Азаматтық бастамалар орталығы ашылды

Азаматтық бастамалар орталығының жұмысы туралы "Абай облысының Азаматтық альянсы" ЗТБ президенті Эльзира Жүнісова мен "Шығыс жастары" қоғамдық қорының атқарушы директоры Әліби Әбдірайымов өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. 

Жаңа орталық Абай облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен ашылған. Азаматтық бастамалар орталығы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және әлеуметтік салада тиімді жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында құрылған. Орталықта бастамашыл азаматтарға әлеуметтік жобаның идеясын жүзеге асыруға көмек көрсетіледі, кейін ол гранттар немесе бағдарламалар конкурстарына қатысуға жіберіледі.

  • Жалпы орталық кеңес беру, заңгерлік, әдістемелік қолдау көрсетуге арналған. Мұнда ұйымды қалай тіркеуге болатынын, тендерлерге қатысу мүмкіндіктерін, гранттық қолдауды қалай алу керектігін айтып береміз. Сенім телефоны жұмыс істейді, - деп атап өтті ЗТБ президенті Эльзира Жүнісова.

Сондай-ақ, орталық базасында кездесулер мен түрлі іс-шаралар, семинарлар өткізуге болады. 

  • Азаматтық бастамалар орталығы аудандарда да жұмыс жасайды. Облыс бойынша Аягөз, Үржар, Көкпекті, Ақсуат аудандарында арнайы кездесулер өткізілген. Жыл соңына дейін барлық аудандарды аралау жоспарлануда,-дейді "Шығыс жастары" қоғамдық қорының атқарушы директоры Әліби Әбдірайымов.

#Абайская область