Абай облысында баспасөз туры ұйымдастырылды

Абай облысында баспасөз туры ұйымдастырылды

Абай облысының ТЖД қызметкерлері шомылу кезеңінде азаматтардың қауіпсіз демалу мәселелері бойынша облыстың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараның мақсаты - азаматтардың судағы қауіпсіз әрекеті мәдениетін қалыптастыру. Баспасөз туры аясында рұқсат етілмеген шомылу орындарына барып, журналистерге Абай облысының құтқарушылары мен ПД қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтардың жүргізетін жұмыстары көрсетілді. Шомылу кезеңі басталғаннан бері департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері 213 рейд жүргізді. 

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 412-бабы "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: балаларды қараусыз қалдырғаны үшін 10 ата-ана және тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін 2 адам жауапкершілікке тартылды. Айта кететіні, ағымдағы шомылу кезеңінде Абай облысының аумағында 14 жаяу және 8 судағы патрульдер ұйымдастырылған. Патрульдеу барысында халықты құлақтандыру және ақпараттандыру үшін қатқыл дауысты ұшқышсыз ұшатын аппараттар қолданылды.

Шомылуға жабдықталмаған орындарда жазатайым оқиғалардың алдын- алу мақсатында тыйым салу белгілерімен қатар осы жерлерде соңғы 4 жылда суға батып кеткен адамдардың саны көрсетілген ақпаратты және судағы қауіпсіздік ережелері туралы баяндайтын бейнематериалға сілтеме жасай отырып QR-код көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орналастырылған. Осылайша, департамент қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығына және тыйым салынған жерлерде шомылу қаупіне назар аударғысы келеді. Абай облысының әкімшілік аумағында шомылуға тыйым салуға арналған 178 белгі орнатылған. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыс шомылу маусымы аяқталғанша жалғасын табады.

 Қортындылай келе, Абай облысының ТЖД су айдындарындағы трагедиялардың негізгі себептерін еске салады, олар:

- демалушылардың судағы тыйым салу белгілерін және қауіпсіздік  ережелерін елемеуі;

- жабдықталмаған орындарда, оның ішінде карьерлерде және өзге де қараусыз қалған техникалық су айдындарында шомылу;

- балаларды судың жанында қараусыз қалдыру;

- мас күйінде шомылу;

- қайықтар мен катерлерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "101" немесе "112"нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!


#Абайская область, #ДЧС