Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы

Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы

Қазіргі таңда Абай облысында 3975 бос жұмыс орны болса, оның 790-ы тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85,0 мыңнан 865,0 мың теңгеге дейін. Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85,0 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына 3185-тен астам бос жұмыс орындары бар,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды: - Білім және тәрбие беру – 188; - Біліктілігі жоқ мамандықтар – 89; - Өндіріс – 81; - Медицина және фармацевтика – 51; - Қаржы және бухгалтерлік есеп – 46; - Көлік және логистика – 46; - Энергетика – 46; - HR және хатшылық – 32; - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 23; - Сауда және қойма шаруашылығы – 21; -Қызмет көрсету мен сервис– 21; - Мәдениет және спорт – 19; - Ауыл шаруашылығы – 16; - Тамақтану – 14; - Құрылыс және сәулет – 14; – Құқықтану – 14. Жұмысқа орналасу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata немесе 8 (7222) 36-01-99 байланыс нөмірі арқылы хабарласыңыз. 
 


#Абайская область, #специалист