Абай облысында дүниеге келген үшемдер пәтерлі болды
Абай облысында дүниеге келген үшемдердің ата-анасына Семейден 3 бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы қуанышты ақпаратты Фейсбуктегі парақшасында танымал журналист Болат Көкенайұлы жариялады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Семейдегі Перинаталдық орталықта болып, сәбилерді құттықтаған болатын. Ол туралы https://abaidan.kz/author/posts/view?id=9961 жариялаған.
Көп балалы отбасына қуанышты облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың атынан Абай облысы әкімінің кеңесшісі Жарқын Түсіпбекұлы мен Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев жеткізді. Екі қыз бір ұлды болған Жолдыбаевтар отбасы нәрестелеріне Бегімай, Бек-Мұхаммед, Бегайым деген есімдер берген. Амангелді мен Аида бұған дейін 5 балатәрбиелеп келген. Осы уақытқа дейін олар Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында пәтер жалдап тұрған.
Фото Болат Көкенайұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды.
#Семей, #тройняшки, #Аким области Абай, #квартира, #многодетные