Абай облысында ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында «ҮМІТ ОТЫ-2026» республикалық байқауы өтті
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға арнайы әлеуметтік орталықтардың қызмет алушылары қатысты.Ал Республикалық байқауға еліміздің облыстары мен Армения мемлекетінен 100-ден аса өтініш түскен.

Іріктеуден іркілмей өткендер екі жас санаты бойынша өнер көрсетті. Яғный 3 жастан 10 жасқа дейін және 11 жастан 18 жасқа дейін екі топқа бөлінді. Олар 4 аталым бойынша мықтыны анықтады. Атап айтқанда, «Вокал» «Бейнелеу өнері» «Хореография» және аспапта орындау аталымдары бар.

Байқау соңында өнерпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етіледі. Сондай-ақ жеңіс тұғырынан көрінген 70 қатысушы жүлделі орындар мен түрлі аталымдарға ие болады.

Жалпы қазіргі уақытта Абай облысында ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және әлеуметтендіру мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Сондықтан олардың арасында ұйымдастырылатын байқаудың басым бағыты – жас ұрпақтың бойында шығармашыл тұлғаны дамыту. Яғни,шығармашылық қабілеттің дамуына қолайлы жағдай жасау.
#Абайская область, #дети, #конкурс