Абай облысында гендерлік саясатты дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысында гендерлік саясатты дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Рахановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

– Бүгінгі комиссия отырысында әйелдердің ғылыми-инженерлік саладағы рөлімен қатар, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесін де талқылаймыз, – деді Мейірлан Раханов.

Жиында академиялық қауымдастық өкілдері мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары баяндама жасады.

Shakarim University ғылым жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі Жанар Қалибекқызы болашақ әйел ғалымдарды даярлаудың алғашқы кезеңі аса маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл жұмысты мектеп қабырғасынан бастау қажет.

– Ғылыми-зерттеу саласында әйелдерге жұмыс істеу оңай емес. Себебі олар кәсіби қызметпен қатар ана ретіндегі міндетін де қатар алып жүреді. Сондықтан ғылымды насихаттауды мектептен бастау керек. Кейін тәжірибелі әйел ғалымдардың тәлімгерлік қызметін дамыту, олардың ғылыми еңбектері мен жетістіктерін кеңінен таныстыру маңызды. Сонымен қатар әйелдердің кәсіби қызметі мен жеке өмірі арасында тепе-теңдік сақталатын қолайлы ғылыми орта қалыптастыру қажет, – деді Жанар Қалибекқызы.


#Абайская область, #гендерная политика, #семья, #демография