Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

Абай облысында жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда

Жобаның басты мақсаты — кәсіпкерлерге тегін консультациялық көмек көрсету. Акция аясында қатысушылар бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша практикалық түсіндірмелер алады.

Акция қатысушылары консультациялардың пайдалы әрі тиімді екенін атап өтуде. Кәсіпкерлер мамандардың кәсібилігін, түсіндірудің қарапайым әрі қолжетімді болуын және нақты мәселелерді шешуге көрсетілген көмекті жоғары бағалап, оң пікірлерімен бөлісуде. Көптеген қатысушылар мұндай кездесулер салық заңнамасын жақсырақ түсінуге және жұмыста қателіктерді болдырмауға көмектесетінін айтуда.

2026 жылдың 1 наурызынан бастап консультациялар аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Дулат Бабатайұлы көшесі, 28 б мекенжайы бойынша (Семей қаласы бойынша МКБ ғимараты) өткізіледі.

Акция кәсіпкерлер мен мамандарды біріктіріп, бизнеске қолдау көрсететін тиімді диалог алаңына айналуда.


#общество, #бизнес