Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған жекеменшік панажай ашу жоспарлануда

Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған жекеменшік панажай ашу жоспарлануда

 Абай облысында 134 ветеринариялық пункт бар, оның 39-ы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға тиесілі. Бұл туралы Абай облыстық ветеринария қызметінің 2023 жылдың 9 айында атқарған қызметі жөніндегі баспасөз мәслихатында айтылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Ветеринария саласы мамандарының айтуынша,  Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынында сібір жарасына шалдықты деген күдік расталмаған. ПТР сынамасы теріс нәтиже берген.Аса қауіпті аурудың таралуын болдырмау және қоғамның денсаулығын сақтау үшін қажетті шаралар қабылдануда.

Ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында өңірде аса қауіпті  құтыру ауруының 1 ошағы және бруцеллездің 14 жағдайы (13 - ІҚМ,1 - МҰМ) тіркелген.  Бүгінгі таңда МІҚ  малдарының бруцеллезі бойынша 10 ошақ сауықтырылды. Қалған 5 ошақта Республикалық эпизоотияға қарсы отряд күшімен сауықтыру іс-шаралары жалғасуда.

 Өңір бойынша 30 917 иесі бар иттер мен мысықтар тіркелген. Биыл облыстық бюджеттен қаңғыбас жануарларды аулауға 74,04 млн. теңге, қаңғыбас үй жануарларын вакцинациялауға және зарарсыздандыруға 4,4 млн. теңге, уақытша ұстауға 4,358 млн. теңге  бөлінген. 

Бүгінде 700 қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған жекеменшік панажай ашу жоспарлануда;

2 000 бас жабайы жануарға арналған мемлекеттік панажайдың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін 2024 жылы басталмақ.


#Абайская область, #собака, #кошка, #домашние животные