Абай облысында қатты жел соғып, қар жауады

Абай облысында қатты жел соғып, қар жауады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облыстық филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС Абай облыстық филиалының хабарлауынша, 16 - 18 қаңтар күндері облыста қатты жел соғып, қалың қар жауады деп күтілуде. Қала тұрғындары мен қонақтарына құбылмалы ауа райына байланысты аса қажет болмаса, алыс жолға шықпауды және  жол ережесіне мұқият болып, жылдамдықты сақтауды естен шығармауды ескертеді.

Ауа райы нашарлаған жағдайда Абай облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін.


#Абайская область, #Прогноз погоды