Абай облысында көмір қоры жеткілікті
Абай облысында тұрғындарды және коммуналдық секторды көмірмен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде. Қазіргі уақытта көмір тасымалдаумен айналысатын жүк көліктеріне ыңғайлы 12 теміржол тұйығы мен 4 ірі қойма жұмыс істейді. Көмір қоры жеткілікті.
Облыс бойынша жылыту маусымында көмір қажеттілігі 1 миллион 247 мың тоннаны құрайды. Атап айтқанда 595 мың тонна орталықтандырылған жылу қазандықтарына, 567 мың тонна халықтың қажеттілігі үшін, 85 мың тонна әлеуметтік нысандарға бағытталған. Осы күнге 289 мың тонна жеткізілген. Бұл дегеніміз 51 пайыз қамтамасыз етілді деген сөз,-дейді Нұр-Ғасыр Жиенбаев Энергетика және ТҮКШ басқармасының энергетика және энергия үнемдей бөлімінің бас маманы.
Көмір кедергісіз тасымалдану үшін кесте бойынша жүзеге асырылады.
#Абайская область, #уголь, #отопительный сезон