Абай облысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

Абай облысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

Құқық бұзушылықтарды анықтау және тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін бақылау іс-шаралары, мониторингтер және қадағалаудың өзге де нысандары тұрақты түрде жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басрасөз қызметіне сілтеме жасап

Ағымдағы жылы Департаментпен 2025 жылға арналған мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу жоспарына сәйкес 30 мемлекеттік органда (жергілікті атқарушы органдар – 22, орталық мемлекеттік органдар – 8) мониторинг өткізілді.

Қолданыстағы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс уақыты міндетті түрде өтелуге тиіс екенін атап өткен жөн. Аталған өтемақы мемлекеттік қызметшілерге қосымша демалыс күндері (сағаттары) беру немесе мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ақшалай түрде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерді үстеме жұмысқа тарту тек оның жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Департаменттің нұсқамаларына сәйкес 144 қызметкерге 355 сағаттан астам демалыс уақыты беріліп, 33 қызметкерге жалпы сомасы 108 177 теңге мөлшерінде қосымша төлем төленді.

Анықталған жүйелі мәселелер мемлекеттік органдардағы ішкі бақылауды жетілдіру, басшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді.


#Право человека, #Гомударственный служащий