Абай облысында оқушылар қашықтан оқитын болды
Абай облысында күннің суытуына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды abaidan.kz.
«2023 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Семей қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады» делінген Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, өңірде Ақсуат ауданына қарасты 2 мектептің 1-9 сынып оқушылары, Жарма ауданындағы 2 мектептің 1-9 сынып оқушылары , Бородулиха ауданындаы 4 мектептің 1-4 сынып оқушылары, 24 мектептің 1-9 сынып оқушылары, Бесқараай ауданының 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қалған аудандар мен қалалар штаттық тәртіпте оқып жатыр.
#Семей, #Абайская область, #Прогноз погоды