Абай облысында «Пиротехника» акциясы басталды: мереке қауіпсіздігі – басты назарда

Абай облысында «Пиротехника» акциясы басталды: мереке қауіпсіздігі – басты назарда

2024 жылғы 5 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында өңірде «Пиротехника» жедел-профилактикалық шарасы өтеді. Акцияның мақсаты – пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымын болдырмау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

Полиция қызметкерлері рейдтер жүргізіп, стихиялық сауданы анықтау және балалардың пиротехниканы пайдалануына жол бермеу бойынша жұмыстар атқарады. Әсіресе, пиротехниканы кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу мәселесіне ерекше назар аударылады.

 

Өңір тұрғындарын пиротехниканы қолдану ережелерін сақтауға және құқық бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.


#Семей, #Абайская область, #праздник