Абай облысында  сабақтар онлайн тәртіпке көшірілді

Абай облысында сабақтар онлайн тәртіпке көшірілді

Абай облысында 2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымдағы сабақтар онлайн тәртіпке көшірілді.

Ақсуат ауданының 7 мектебінің 1-11 сынып, 4 мектебінің 1-9 сынып;
Мақаншы ауданының 18 мектебінің 1-4 сынып;

Жарма ауданының 1 мектебінің 1-4 сынып, 8 мектебінің 1-9 сынып, 11 мектебінің 1-11 сынып;

Көкпекті ауданының 14 мектебінің 1-11 сынып, 1 мектебінің 1-4 сынып;

Бесқарағай ауданының 21 мектебінің 1-11 сынып;

Үржар ауданының барлық мектебінің 1-11 сынып;

Аягөз ауданының барлық мектебінің 1-11 сынып;

Бородулиха ауданының 5 мектебінің 1-4 сынып, 4 мектебінің 1-9 сынып, 20 мектебінің 1-11 сынып;

Жаңасемей ауданының 2 мектебінің 1-11 сынып, 14 мектебінің 1-9 сынып, 1 мектебінің 1-4 сынып;

Курчатов қаласының барлық мектебінің 1-11 сынып;

Семей қаласының 1-2 ауысымда оқитын барлық мектебінің 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.


#Абайская область, #Прогноз погоды