Абай облысында ҰОС  ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі

Абай облысында ҰОС ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары және 9 мамыр - Жеңіс Күнін мерекелеу құрметіне қалалар мен аудандар мәслихаттарының шешімдері негізінде азаматтардың төмендегі санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады:
- Облысымыздағы Ұлы Отан соғысының 5 ардагеріне -2 млн теңгеден;
- Ленинград қоршауында болғандарға 150 мың теңгеден (1 адамға);
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары-150 мың теңгеден (3 адам);
- Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің немесе жеңілдіктері бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдардың жұбайлары, сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушілер, «Ленинградты қорғағаны үшін медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғынына» төс белгісімен наградталған, жалпы сырқаттану, еңбек жарақаты және басқа да себептер (құқыққа қарсы себептерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған қайта некеге тұрмаған азаматтың жұбайлары - 150 мың теңгеден (87 адам);
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған-150 мың теңгеден (35 адам);
- 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар - 70 мың теңгеден (2033 адам).

Жалпы облыс бойынша біржолғы әлеуметтік көмекті 2164 адам алады.

#АбайОблысыныңӘкімдігі


#Абайская область, #ВОВ, #ветеран