Абай облысында жастар мен сарапшылар ашық пікір алмасты

Абай облысында жастар мен сарапшылар ашық пікір алмасты

Абай облысына «Талдау мектебі» жобасының түлектері келіп, Семей қаласының белсенді жастары, жас мемлекеттік қызметшілер және оқытушылармен кездесті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі 018.kz сілтеме жасап. Кездесуге Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов пен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Бейсенбай қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталып, спикерлерге сәттілік тіледі.

Шара барысында спикерлер заманауи және өзекті тақырыптарды қамтып, тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында Жасұланбек Майлыбай (мемлекеттік басқарудағы сараптаманың рөлі), Искандер Ақылбаев (жеке тұлғалық даму), Саят Набиев (қаржылық сауаттылық), Жаннұр Қалиғожин (менталды денсаулық), Әлия Қанатова (жасанды интеллектпен жұмыс істеу) және Жасұлан Қуандық (кәсіби қалыптасу жолы) бар.

Кездесу соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, жастар мен сарапшылар еркін форматта пікір алмасты.


#Абайская область, #молодежь