Абай облысында жастар ресурстық орталығы директорларының кеңесі өтті

Абай облысында жастар ресурстық орталығы директорларының кеңесі өтті

Абай облысында жастар ресурстық орталығы директорларының кеңесі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Кеңеске Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы мен Абай облыстық маслихат депутаты Қуаныш Қасен қатысты. 

Жиында жастар ресурстық орталықтары директорларының атқарылған жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, олар өздерінің ұсыныстарын білдіріп, жастар саясатын дамытудағы пікірлерімен бөлісті.

Айдар Садырбаев шара барысында жастар арасында отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, жұмыссыздықты жоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен кешенді шараларды көбейту қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, жастардың еңбек жасақтары мәселелері талқыланып, жұмыс барысын өңірлік деңгейде жетілдірудің маңыздылығы қозғалды.


#Абайская область, #молодежь