Абай облысында жолдарды қардан тазарту жұмысы іске асырылып жатыр

Абай облысында жолдарды қардан тазарту жұмысы іске асырылып жатыр


Облыста жолдар мен көшелерді қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, -деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдарды себуге 100-ге жуық техника мен 80-нен жұмысшы жұмылдырылды. Күндізгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіш, құм таратқыш, МТЗ, шнекоротор, самосвал тартылды. Жалпы, бүгінде коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, оның ішінде қар тазалау кезінде таптырмайтын шнекоротор, тиегіш бар.

 Бесқарағай ауданында қар тазалау жұмысына 4 техника мен 8 жұмысшы жұмылдырылды. Жұмысқа тек жолдарды тазалау ғана емес, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау да кіреді. Жалпы, Бесқарағай ауданында қар тазалауға 25 техника мен 30 адам тартылды. Ақсуат ауданында Қызылжұлдыз, Қожакелді, Көктүбек, Ақсуат-Қарғыба-Құмкөл-Ойшілік елді мекенінің, Сәтбаев, Ақсуат ауылының жолдары қардан тазартылды.


#Абайская область, #уборка снега