Абай облысында жылу көздері мен жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Абай облысында жылу көздері мен жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2024 жылы Абай облысында 11 жылу көзін және 37,9 шақырым жылу желілерін салу, қайта жаңғырту жәнеағымдағы жөндеу бойынша 28 жоба іске асырылуда. 

Оның ішінде Семей қаласы бойынша 19 жоба, Бородулиха ауданының Новая-Щульба кентінде екі блокты-модульді қазандық және 1,1 шақырым жылу желілерін салу, Аягөз ауданында 4,2 шақырым жылу желілерін ағымдағы жөндеу, Жарма ауданының Шуақ кентіндегі  қазандықты жөндеу, Курчатов қаласында төрт жылу көзін және 2,2 шақырым жылу желілерін ағымдағы жөндеу, сондай-ақ Абай ауданы Қарауыл ауылындағы қазандық пен 500 метр жылу желілерін жөндеу бар. Бұл туралы облыстың әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков атап өтті. 

Осы жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозуы64,2% - дан 56,4% - ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Семей қаласын жылумен жабдықтаудың негізгі проблемаларының бірі-қаланың оң жағалауында сағатына 147 Гкал құрайтын жылу энергиясының тапшылығы. Бұл мәселені шешу үшін қуаты 360 МВт және сағатына 1200 Гкал болатын ЖЭО-3 салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу аяқталуда. 

Анықтама үшін:  Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды 11 кәсіпорын қамтамасыз етеді, оның құрамында 44 жылу көзі және бюджеттік ұйымдарды жылумен қамтамасыз ететін 273 дербес қазандық бар.


#Абайская область, #отопление