Абай облысының әкімі баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Абай облысының әкімі баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Құрметті баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бағалаған басылым беттері – қоғамның ажырамас бөлігі, миллиондаған адамдардың өміріне әсер ететін ақпаратты жеткізу және талдау құралы. 

Газет-журналдардың маңыздылығы халықты оқиғалар туралы хабардар етуден ғана емес, сонымен бірге қоғамдық пікірді қалыптастырудан, билік органдарымен сындарлы диалог құрудан, ашықтықты қалыптастырудан тұрады. Сондықтан бұл бағытта объективтілік, құзыреттілік, дәлдік өте маңызды.

Қазіргі таңда, тарихы тереңде жатқан «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналының ізін жалғастырушы ретінде, өңірде 20-дан астам басылым беттері жұмыс істейді. 

Осы орайда, еліміздің тарихын, мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға үлес қосып, басылым бетінің жарыққа шығуына атсалысатын әрбір жанға алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін!


#Абайская область, #Аким области Абай