Абай облысының ардагерлер кеңесінің көшпелі төралқа мәжілісі өтті
Абай облысының төрағалар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Мұратқазы Алин бастауымен облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі төралқа мәжілісі өтті,деп хабарлайды abaidan.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сітеме жасап.
Күн тәртібінде Семей қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінде ардагерлер ұйымдарының қатысуымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды.
Басқосуға Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н. Аққожина, ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері, облыстық және қалалық білім беру саласының басшылары мен мамандары, Семей қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Е. Оразалин, Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Қ. Шәріпханов, аймақтық ардагерлер ұйымдарының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналысқа қатысушы сала мен бөлім басшылары күн тәртібіндегі мәселеге қатысты хабарламалар мен баяндамалар оқыды.
Облыстық ардагерлер Кеңесінің Алқа мәжілісінде қаралған мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданып, нақты жоспарлар айқындалды.