Абай облысының Қоғамдық даму басқармасы Іскер әйелдер қауымдастығымен ынтымақтастық орнатты
Шәкәрім университетінде Абай облысы Іскер әйелдер қауымдастығының кезекті отырысы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Абай облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Садырбаев, Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Д. Орынбеков және басқа да лауазымды тұлғалар, Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты.
Жиын барысында қауымдастықтың алдағы жұмыс барысы туралы айтылып, өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
#Абайская область, #Управления общественного развития