Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді

Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді

ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысындағы төтенше жағдайлар гарнизонына 19 жаңа автокөліктің, оның ішінде жеңіл автокөліктер мен өрт сөндіру көліктерінің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 

Бұл туралы abaidan.kz тілшісі Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Техника республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынды.

Жаңа көліктер адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуға қажетті заманауи өрт сөндіру, жедел медициналық, байланыс және навигациялық құралдармен, жоғары тиімді өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған. 

Нұрлан Ұранхаев құтқарушыларды мерекелерімен құттықтап, көлік кілттерін табыс етті. Жас офицерлер мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды.

2023 жылдың басынан бері Абай облысында 847 төтенше жағдай тіркелді. Оның ішінде 612 жағдай өндірістік және тұрмыстық өртке қатысты. Биылғы жылдың 9 айында құтқарушылар 2106-дан астам авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдайларда келтірілген шығынды азайтуға барынша көмектесті. Сондай-ақ, 309 ересек адам мен 43 бала құтқарылды.


#Абайская область, #спецтехника, #спасатели