"Адал Ас" компаниясы "Ас Тал" өнімін таныстырды

 "Адал Ас" компаниясы "Ас Тал" өнімін таныстырып,  кәсіби мерекелері қарсаңында БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. Компания құрылтайшысы Ермек Мезібаев БАҚ өкілдеріне жаңа өнім туралы айтып, таныстырды. 

Республикалық, облыстық, жергілікті БАҚ өкілдері таныстырылымда табиғи таза өнімнің дәмін татты. Жиналғандар компанияның бабалар дәмін, бүгінде дастархан сәніне айналдырып отырғандығының куәсі болып,  дәмі кетпес ұлттық тағамдардың бүгінде ұрпақ сабақтастығына айналғандығы жайлы айтты. Ұлттық өнім өндіріп, тұтынушылардың сұраныстарын қамтамасыз етіп отырған ұжымға алғыстарын білдірді. 


#Абайская область, #праздник, #СМИ