«ADAL AS» компаниясы ұжымдық тимбилдинг өткізіп, жетістіктерін атап өтті

«ADAL AS» компаниясы ұжымдық тимбилдинг өткізіп, жетістіктерін атап өтті

Ұлттық өнім өндіретін «ADAL AS» компаниясы қызметкерлері үшін дәстүрлі тимбилдинг ұйымдастырды. Шараға компанияның барлық бөлім қызметкерлері қатысып, көтеріңкі көңіл күйде демалысты бірге өткізді.

Компания директоры Раушан Мұқажанова жиналғандарға еңбектері үшін алғысын білдіріп, тек еңбек етіп қана қоймай, бірлесе демалудың да маңызы зор екенін атап өтті. Ол ұжымды жетістіктермен құттықтап:

«Біздің табысымыз – әрқайсыңыздың еңбектеріңіздің жемісі. Осындай бірлік пен табандылықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз», – деді.

Компанияның биылғы маңызды жетістіктерінің бірі — «Жарнама — тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық байқауда Бас жүлдені иеленуі болды. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтіп, жүлдені компанияның HR директоры Рысгүл Мадвасова қабылдап алған еді. Тимбилдинг барысында ол жеңіс марапатын салтанатты түрде компания басшысына табыстап, бұл сәт көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Күн бойы ұжым түрлі командалық ойындар мен сайыстарға қатысып, ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысқандарға сыйлықтар таратылды. 

Дәстүрлі «Қызыл кілем» рәсімі арқылы ең үздік қызметкерлер марапатталды. Олар:

  1. Көркем Төлахметова – кондитер көмекшісі
  2. Аяулым Нәсіпбекова – технолог
  3. Диана Джакупова – брендменеджер
  4. Саян Ахметжанов – маркетолог «ASTAL»

Сондай-ақ компанияның дамуына үлес қосқан Еңбек үздіктеріне ерекше құрмет көрсетілді.

  1. Ерлан Садықов – жөндеу цехының шебері
  2. Алтынгүл Қыдыргелдина – кондитердің көмекшісі
  3. Айгерім Байсолтанова – кондитердің көмекшісі (кулинария цехы)
  4. Жанна Джантасова – қаптаушы (бауырсақ цехы)
  5. Әлия Смағұлова – кондитердің көмекшісі (бауырсақ цехы)
  6. Меруерт Садық - тазалықшы

Шара барысында Дубайға демалысқа барып қайтқан Мархабат Жылгелдинова, Жанар Князбаева және Жазира Андасова әсерлі сәттерімен бөлісіп, әріптестерін жаңа белестерге шабыттандырды.

Тимбилдинг мерекелік дастархан басында қорытындыланып, ұжым болашағы үшін игі тілектер айтылды. Мұндай шаралар «ADAL AS» компаниясы қызметкерлерінің ұйымшылдығын арттырып, ортақ мақсат жолында біріге жұмыс істеуге серпін беретіні сөзсіз. 


#Семей, #Адал Ас