"Адал ас" компаниясының үздік қызметкерлері Дубайға аттанбақ

Ұлттық өнім өндіретін "Адал ас" компаниясының қызметкерлерді қолдау мен ынталандыру бағытындағы бастамаларын биыл да жалғастырып келеді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған шетелге тегін демалыс бағдарламасы аясында биыл бауырсақ цехының қызметкерлері – Мархабат Жылгелдинова, Жанар Князбаева және Жазира Андасова Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына жол тартады.

Салтанатты шара барысында компания құрылтайшысы Ермек Мезібаев демалысқа баратын қызметкерлерге арнайы саяхат жолдамаларын табыстады. Бұл бастама – компанияның еңбек адамына деген құрметі мен қамқорлығының жарқын көрінісі.

Айта кетейік, «Адал ас» ұжымы үшін мұндай марапаттар алғаш рет емес. Бұған дейін, көктем мезгілінде Кирилл Фролов пен Ерлан Рахимов Египетте демалып қайтқан болатын. Сонымен қатар, жыл ішінде бірнеше мәрте сыйақылар беріліп, мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсетілген.

Компания басшылығының айтуынша, бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасатын болады. «Адал ас» өз қызметкерлерінің еңбегін бағалап, оларға жайлы жұмыс жағдайымен қатар, көтермелеу шараларын жүйелі түрде ұсынып келеді.


#Семей, #Туризм, #Адал Ас