Адал Ас : Тимбилдинг – ұйымшыл және тату ұйым

Адал Ас : Тимбилдинг – ұйымшыл және тату ұйым

«ADAL AS» компаниясы жұмысшылары үшін таза ауада тимбилдинг ұйымдастырды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»  міндеттерін барша қауымға жүктей отырып, қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалатынын айтқан болатын.  Кез-келген өндіріс орнының дамуы үшін, жұмысшылардың еңбек етуіне қолайлы жағлай жасалуы тиіс. Бұл сөзсіз. Тек сонда ғана жұмыс ілгерілейді. Жақсы еңбек ету үшін, жақсы демала да білу керек. Сондықтан жылдың әр мезгілінде жұмыстан тыс уақытта  осындай түрлі демалыстарды ұйымдастырамыз. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырады, - дейді  «ADAL AS» компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев.

Әрбір заманауи кәсіпорын өз саласында қашанда бәсекеге қабілетті және бірінші болуға ұмтылады. Табысқа тек тату және ұйымшыл ұжымы бар компаниялар ғана қол жеткізе алады. «ADAL AS» компаниясының басшылығы командалық рухты нығайту үшін қолдан келген мүмкіндіктердің барлығын жасайды.

Демалыс күні өндіріс орнының жұмысшылары үшін табиғат аясында тимбилдинг өтті. Шараның мақсаты - командалық рухты нығайту, ортақ мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту.

Тимбилдинг ұжымға көптеген жағымды эмоциялар мен керемет көңіл-күй сыйлады. Жұмысшылар сырғанақ теуіп, қызықты командалық ойындарға қатысып жақсы демалды.

Тимбилдинг - ұжымдағы қарым-қатынастың даму негізі. Өткізілген корпоративтік іс-шара жұмыстан тыс болғандықтан, команданың әрбір қатысушысының жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін анықтап, ашуға мүмкіндік береді. «ADAL AS» компаниясы мұндай ұжымдық демалыстарды өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да табиғат аясында мерекелік атмосфера орнап, жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.Өте көңілді болды. Барлығы жақсы демалды деген ойдамын,-дейді компанияның HR директоры Рысгүл Айткәрімқызы. 

Жұмысшылар да демалысты тиімді өткізуге мүмкіндік жасап, ыстық тамақпен қамтамасыз еткен компания басшылығына алғыстарын білдірді.

«ADAL AS» компаниясының басшылығына алғысымыз шексіз! Демалыс өте жақсы  болды .Ұйымдастырушыларға, ыстық тамақ әзірлеп берген аспазымызға  көп рахмет айтамыз! Барлығы дәмді болды.Еңбегіміз жемісті  де табысты болсын !!!

Бүгінгі   ұжымдық демалыс күніне рахмет! Жақсы, әсерлі демалыс болды. Ұйымдастырушыларға рахмет! Ас мәзірін дайындаған аспазымызға да,  қыздарға  да үлкен рахмет!  Бәрі дәмді болды. Компаниямызбен бірге өсіп, өркендей берейік!,-деп жазды топтағы парақшаларына. 

«Тимбилдинг» - бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг.  Оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектеседі. 


#Семей, #Абайская область, #Ас ТаL, #Адал Ас