Әлеуметтік желілерде автомобиль жолының бүлінгені туралы жарияланған видеоның Абай облысына қатысы жоқ

Әлеуметтік желілерде автомобиль жолының бүлінгені туралы жарияланған видеоның Абай облысына қатысы жоқ

Видеода Самар ауданында еріген қар суына байланысты автомобиль жолының бүлінуі болғандығы туралы айтылады. Алайда, оқиға орны Абай облысы деп көрсетілген.
Самар ауданы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан және Абай облысына қатысы жоқ,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында облыстық маңызы бар «Көкпекті-Самар-Васильевская өткелі» автожолының 43 шақырымында су өткізу құбырының негізі бүлініп, жолға залалын тигізгенін хабарлаған.

Абай облысы әкімдігі тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.


#Абайская область, #дорога, #автомашина