"Әскер аналар көзімен" акциясы Мақаншы өңірінде өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің басшылығы Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасына және оған қарасты шекара бөлімшелеріне арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты – сарбаздардың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, қызмет жағдайымен, әлеуметтік қамтамасыз етілуімен жақын танысу. Аталмыш іс-шара "Әскер аналар көзімен"  атты республикалық акция аясында ұйымдастырылды. Акцияға “Аналардың жүрегі” сарбаз аналар комитеті” РҚБ Абай облысы бойынша филиалының жетекшісі Бармашикова Марфуга Шаймуратовна қатысты.

Марфуга Шаймуратовна сарбаздардың казармалық жағдайын, асханасын, медициналық пунктін, оқу-жаттығу бөлмелерін аралап, қызмет пен тұрмыс сапасына назар аударды. Ол өз тарапынан әскерде жүрген ұландардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен психологиялық жай-күйі басты назарда болу керек екенін атап өтті. Сапар барысында аналар комитетінің өкілдері сарбаздармен және олардың командирлерімен кездесіп, ашық диалог өткізді. Сарбаздардың ой-пікірі, ұсыныстары тыңдалып, ата-аналарға маңызды ақпараттар берілді. Шараға департамент бастығы да қатысып, Мақаншы өңірі шекарашыларының қызметіне жоғары баға берді. Ол сарбаздарға жасалып жатқан жағдайды әрі қарай жақсартуға бағытталған бастамалар жалғасатынын айтты. 

"Әскер аналар көзімен" – ашықтық пен сенімді нығайтуға, ата-аналардың әскер өмірімен жақын танысуына мүмкіндік беретін маңызды жоба. Бұл сапар Мақаншы аймағындағы шекарашы сарбаздардың жағдайы талапқа сай екенін тағы бір мәрте көрсетті.


#Абайская область, #военный, #Маканчи