Әскерге шақыру науқаны – жүйелі жұмысқа арналған маңызды қадам

Әскерге шақыру науқаны – жүйелі жұмысқа арналған маңызды қадам

Семейде күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша облыстық кеңес өтті, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңеске Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жетекшілік етіп, әскерге шақыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар жасалды. 
Бұдан бөлек, жиында облыстық қорғаныс департаментінің жаңа басшысы Руслан Омаров таныстырылды. 

Алдағы шақыру науқанын ұйымдастыруда тәжірибесі мол әскери маманнның біліктілігі қажет. Кеңесте шақырту науқанындағы олқылықтар мен жетістіктер талқыланып, аудан әкімдіктері мен мекемелерге бірнеше нақты тапсырмалар жүктелді.


#Абайская область, #военный