Ақсақалдар отырысы – дәстүр және заманауи қоғамның бірлестігі

Ақсақалдар отырысы – дәстүр және заманауи қоғамның бірлестігі

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Кеңесте ақсақалдар елдегі патриотизмді, қоғамдық келісімді дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 



Дәстүр мен заманауи технологияларды біріктірген конференция ZOOM платформасы арқылы Абай облысы ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК директоры Оралхан Сартаевтың жетекшілігімен онлайн форматта ұйымдастырылды.


Кездесу «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының, «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ қызметкерлерінің, Абай облысының қалалары мен аудандары ақсақалдар кеңесінің делегаттарының қатысуымен өтті. Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өз сөзінде ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік пен байланыстықтың, сондай-ақ құндылықтарды, тәжірибе мен дағдыларды аға буыннан кішіге берудің маңыздылығын атап өтті.
 Уақыт тез өзгеруде, бірақ білім мен тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беру біздің ұлттық болмысымызды, тарихи және мәдени мұрамызды, әдет-ғұрыптарымыз бен дәстүрлерімізді сақтауға көмектеседі. Қоғам игілігі үшін еңбек етуге ұмтылғаны үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамын, - деді Айдар Садырбаев. Іс-шара барысында негізгі тақырыптар, Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты және Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзі талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша ақсақалдар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, белгіленді.


#Семей, #Абайская область