Алдағы күндері елімізде күн суытып, қатты жаңбыр жауады

Алдағы күндері елімізде күн суытып, қатты жаңбыр жауады

Метеорологтардың мәліметінше, сәуірдің 6-ы мен 8-і аралығында еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады,  түнгі уақытта солтүстік-батыста,  солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауып, жел күшейеді,-деп хабарлайды     abaidan.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, Алматы облысында, Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда."Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыс пен солтүстігкте ауа температурасы күндіз 7-15 градусқа дейін төмендейді. Республикамыздың орталығы мен шығысында күндіз 15-20 градусқа  дейін көтеріледі.


#Прогноз погоды