Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, жаңбырдың соңы қарға ұласады

Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, жаңбырдың соңы қарға ұласады

Қазгидрометтің мәліметінше 30 сәуір — 2 мамыр аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы  жауын-шашынды  болады,-деп хабарлайды abaidan.kz.

1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақытта жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады деп күтіледі.  Республика бойынша желдің екпіні күшейіп, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады.  Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 5-13 градус жылы болады. Сондай-ақ, суық ауа біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай ауысады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус төмен болып,  күндіз 15-25 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.


#Прогноз погоды