«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы, Семей қалалық спорт бөлімі және «125 HIGH SCHOOL» білім орталығымен Республика күнін мерекелеу аясында, «Бейбітшілік» аралында қысқа қашықтықтағы жартылай марафон ұйымдастырды, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы шараға облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы С.Ысқақов, филиал қызметкерлері және«Жастар Рухы» ЖҚ аймақтық филиалының өкілдері қатысты. Спорттық шараға жиналғандар 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Таза ауа, күзгі табиғат, әсем әуен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы, марафонның ашылуында сөйлеген сөзінде партияның саяси тұғырнамасында айтылғанАлаш арыстарының ұлы мұраттарының бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, бабалар еңбегінің лайықты жалғастырушылары –отаншыл жастар екендігін айтып, жиналғандарды алдағы мемлекеттік мереке Республика күнімен құттықтады. Мұндай шаралардың береке-бірлікке үндеуде маңызы зор екендігіне тоқталып, «AMANAT»партиясының Мемлекет басшысының саясатын қолдай отырып, еліміздің ертеңі жолындағы игі шараларды жүзеге асыруды жалғастыратынын айтты.


Жүгіруге қатысушылардың барлығы арнайы медальдармен марапатталды.





