«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының қызметкерлері марафонға қатысты

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының қызметкерлері марафонға қатысты

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы, Семей қалалық спорт бөлімі және «125 HIGH SCHOOL» білім орталығымен Республика күнін мерекелеу аясында, «Бейбітшілік» аралында қысқа қашықтықтағы жартылай марафон ұйымдастырды, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.  Бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы шараға облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы С.Ысқақов, филиал қызметкерлері және«Жастар Рухы» ЖҚ аймақтық филиалының өкілдері қатысты. Спорттық шараға жиналғандар 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Таза ауа, күзгі табиғат, әсем әуен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы, марафонның ашылуында сөйлеген сөзінде партияның саяси тұғырнамасында айтылғанАлаш арыстарының ұлы мұраттарының бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, бабалар еңбегінің лайықты жалғастырушылары –отаншыл жастар екендігін айтып, жиналғандарды алдағы мемлекеттік мереке Республика күнімен құттықтады. Мұндай шаралардың береке-бірлікке үндеуде маңызы зор екендігіне тоқталып, «AMANAT»партиясының Мемлекет басшысының саясатын қолдай отырып, еліміздің ертеңі жолындағы игі шараларды жүзеге асыруды жалғастыратынын айтты.

Жүгіруге қатысушылардың барлығы арнайы медальдармен марапатталды.


#Семей, #Абайская область, #Спорт, #партия АМАНАТ