АНА ТІЛІНЕ ҚҰРМЕТІ ЖОҚҚА "Құрметті азамат" не керек?..
Қыркүйектің 17-і — Абай облысының орталығы Семей қаласының туған күні. Ресми айтқанда, "Қала күні". Дәл осы датада Семейдің бірқатар адамдарына" Семей қаласының құрметті азаматы"деген атақ табыс етілетін болады. Солардың қатарында ҚХА төрағасының орынбасары, тележурналист қызметін атқарған Майя Бекбаева да бар. Әрине, мықты, ықпалды журналист шығар. Бірақ, Майя Төлегенқызының Семейге қандай еңбегі сіңгені туралы "анықтама" берілер болса, ежіктеп екі рет оқысаңыз да ештеңе таппасыңыз анық. Себебі, "Құрметті азамат" атағына лайық бұл ханшайым қазақ тіліне шорқақтығы өз алдына, білуді қажетсінбейді.
М. Бекбаеваның қазақ тіліне құрметі жоқтығына куә болып жүрген жерлестері де, отандастары да жеткілікті. Оның жанында Максим Рожинге немесе Семей жерінен Германияға қоныс аударған немістерге табыс еткен әлдеқайда әділетті болары анық!