Бесқарағай ауданында Мәжіліс депутаты болды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н. Сабильянов Абай облысындағы Бесқарағай ауданында болып, аудан орталығындағы оңалту орталығының кызметін, сайлауалды бағдарлама аясындағы «Жол картасы» бойынша жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысын және әлеуметтік үйлерді көрді. Депутатпен бірге Абай облыстық партия филиалының төрағасы Қ. Сүлейменов болды. Мәжіліс депутаты аудан орталығында Қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан шағын ауылдардағы мектептер мәселесі, ауыл мектептеріндегі жұмысшыларга 25% үстемақы төлеу, жалға берілген үйлерді жекешелендіру, Ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту,орман шаруашылығы жерлеріндегі жергілікті жолдарды жөндеу, ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету сынды мәселелер көтеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, депутат аудандағы Өндіріс ауылына барып, халықпен кездесу еткізді. Тұрғындар тарапынан ауыл шаруашылығын дамыту, мал өткізуді реттеу, орман шаруашылығындағы жергілікті жолдарды жөндеу сынды мәселелер мен өзге де ұсыныстар жасалды.
#Абайская область, #депутат, #Нуртай Сабильянов, #Бескарагай