Бесқарағайда 8,4 шақырым ауылішілік жол жаңартылды
Бесқарағай ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, жалпы 8,4 шақырым жол жаңартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, Белокаменкадағы Ертіс көшесі, Глуховкадағы Абай көшесі, Стеклянкадағы Жастар көшесі, сондай-ақ Қарағайлы ауылындағы Б. Момышұлы, Гагарин, Тәуелсіздік және Н. Баймуратов көшелерінде жұмыс атқарылды. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар жолдардың 18 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп, оған 569,1 млн теңге бағытталды.
Әлеуметтік әріптестік аясында қосымша қолдау көрсетіліп, Бесқарағай ауылындағы Сейфуллин, Елистратов, Корнев, Жабаев, Рысқұлбеков және Қалтаев көшелерінде жол төсемі қалпына келтірілді.
Қарағайлы – Бозтал бағытындағы күрделі учаскелерге 750 тонна, Канонерка – Қарамырза жолына 550 тонна қиыршық тас төселді. Қажетті 2000 тонна тасты «ГРК Электрум» ЖШС басшысы Кенжебек Құрманғалиев қамтамасыз етті. Тасымал шығынын облыстық мәслихат депутаттары Мұхтар Қасқабаев пен Азамат Аубакиров көтерсе, грейдерлеу және қаптау жұмыстарын аудандық мәслихат депутаты Владимир Благих орындады. Сондай-ақ Бесқарағай ауылына тас жеткізу үшін облыстық мәслихат депутаты Ерлан Ғадлетұлы арнайы техника бөлді.
#Абайская область, #Бескарагай