Бобровка, Мұрат саяжайларының мәселесі көтерілді

Бобровка, Мұрат саяжайларының мәселесі көтерілді

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов кестеге сай Семей қаласының маңындағы Бобровка мен Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қала прокуроры мен қалалық полиция басқармасының бастығы және тұрғындар қатысты. 

Жиында тұрғындар Бобровка мен Мұрат саяжайларында жарыққа тарифтің қымбаттығы менондағы кооперативтердің заңсыз жұмыстары туралы айтты.

 

Тұрғындардың сөзінше, жарықты пайдаланғандары үшін ақыны кооперативке екі есе қымбат төлейтін көрінеді. Сондай-ақ, берешек болған жағдайда электр жарығын ескертпей қиып тастайды екен. Араларында 3-4 ай жарықсыз отырғандар бар. Кездесу болады деген күні бірнеше үйдің жарығын ескертпей қиып тастаған. Ашынған тұрғындар жиынға келіп, мәселенің мән-жайын анықтауды сұрады. Айтуларынша, осы уақытқа дейін шағымдарымен бармаған жерлері қалмаған. Одан ешбір нәтиже болмағандықтан, кездесуде жылдар бойы шешімін таппай қордаланған мәселелерін жеткізді. Сондай-ақ, қаладан үй алуға жағдайлары келмегендіктен, саяжайдан баспана алып, бүгінде сол жерге тұрақтап қалған тұрғындар кент мәртебесін беруді сұрады. 

Тұрғындар кездесуде бұдан басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Оған қала әкімі жауап беріп, «Жол картасы» бойынша бірқатар шаруалардың атқарылып жатқанын айтты. Ал қалалық полиция басқармасының бастығы саяжай тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, кооперативтің заңсыз іс әрекеттері туралы шағымдарын қабылдады. 

 

Қала прокуроры өз сөзінде осы уақытқа дейін қарапайым халықты қанап келген екі кооператив төрағаларының жауапқа тартылғанын жеткізді. Олармен тұрғындар арасындағы келісім шарттар заңсыз ден танылған көрінеді. Алдағы уақытта заң аясында олар жойылатын болады деді прокурор.

Жиынға келген тұрғындар өздерін мазалап жүрген барлық сауалдарына жауап алды. Өтініштерін жерде қалдырмай келіп, мәселенің шешілуіне атсалысқан Нұртай Сабильяновқа сайлаушылар ризашылықтарын білдірд