ЕАЭО аумағында тасымалдарды навигациялық пломбалармен қадағалау енгізіледі
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі №84 шешімінесәйкес, 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялықэкономикалық одақ аумағында тасымалдардынавигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалаутетігі енгізілгені туралы хабарлайды.
Аталған шара ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшіннавигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісімаясында жүзеге асырылады және транзиттік ағындардыңашықтығын арттыруға, тауарлардың сақталуын қамтамасызетуге, сондай-ақ жүк тасымалдау кезінде бақылаудыкүшейтуге бағытталған.
Қадағалау жүйесі кезең-кезеңімен мынадай бағыттарбойынша енгізіледі:
• кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдерікезінде;
• ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасышеңберінде;
• автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатынтауарларға қатысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №731 қаулысына сәйкес, тасымалдардықадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып «Ғарыштық техника және технологияларинституты» ЖШС айқындалды.
Ұлттық оператор Қазақстан Республикасыныңбақылаушы органдарымен, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүшемемлекеттердің уәкілетті операторларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті тасымалдаушылар мен сыртқы экономикалыққызметке қатысушыларды енгізілетін талаптарды назарғаалуға және өз қызметінде ескеруге шақырады.