Экоакция аясында Курчатов қаласының тұрғындары мен жастар Ертіс жағалауын тазартты
Курчатовта еріктілердің бастамасымен ауқымды экологиялық акция өтті. Акцияға 50-ден астам ерікті қатысты, олардың арасында кәсіпорын қызметкерлері, қала тұрғындары және «Жасыл Ел» жасақтарының сарбаздары бар.
Қаламыздың тазалығын сақтауға үлес қосу маңызды деп есептейміз. Бұл біздің табиғат пен болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Осы маңызды шараға қатыса алғанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті талапкер Дулат Шәменов.
Акция Ертіс өзенінің жағалауын қоқыстан тазартуға бағытталды. Бірнеше сағат бойы еріктілер 25 қап қоқыс жинады.
«Біз осындай бастамаларды қолдап, қаламыздың тазалығын ойлайтын жастармен жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз. Жағалауды тазарту жұмыстың бір бөлігі ғана екенін есте ұстаған жөн. Біз болашақта ластанудың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», - деп атап өтті «Курчатов Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаланы абаттандыру учаскесінің бастығы, «Жасыл ел» жасақтары сарбаздары жұмысының жетекшісі Кульбаршын Каратаевна.
«Қаланы таза ұста!» акциясы жастар мен қала тұрғындарының күш-жігерін біріктіре отырып, қала тазалығына үлес қосты. Акцияны ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді.
#Абайская область, #Акция" Таза Қазақстан"