Елімізде Алатау деген жаңа қала пайда болады

Елімізде Алатау деген жаңа қала пайда болады

Алматы облысына қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылмақ, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Kazinform

сілтеме жасап.

«Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін», - делінген ашық НҚА порталында жарияланған «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасында.

Осы жылдың 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылып отырған аталған Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.


#Алматинская область